Македония Елшісі қазақстандық компанияларды инвестиция салуға шақырды

Фотография - Македония Елшісі қазақстандық компанияларды инвестиция салуға шақырды

Македония қазақстандық мұнай-газ саласындағы компанияларды отын саласына инвестиция салуға шақырды.

131 0

Македония қазақстандық мұнай-газ саласындағы компанияларды отын саласына инвестиция салуға шақырды.

Бұл туралы бүгін  Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжинге сенім грамотасын тапсырғаннан кейінгі брифингте Македонияның Төтенше және Өкілетті Елшісі  Дарко Ангелов мәлім етті.

Елші ҚР Мемлекеттік хатшысымен пікір алмасу кезінде өзара ынтымақтастық тұрғысында негізгі салалар атап өтілгенін, оның ішінде экономикалық бағыт басымдыққа ие екенін қадап айтты.

«Өз тарапымыздан біз қазақстандық тарапқа қосымша пайда келтіретін фармацевтика саласындағы ынтымақтастықты ұсынар еді. Бұған қоса біз Македонияның отын саласына қазақстандық мұнай-газ компанияларының инвестициясын қолдаймыз», - деді Дарко Ангелов.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжинге 8 мемлекеттің елшісі сенім грамоталарын тапсырды.

Олардың ішінде Кения Елшісі Пауль К. Кургат, Македония Елшісі Дарко Ангелов, Эквадор Елшісі Альберто Чавес Савала, Джибути Елшісі Абди Ибрахим Абсиех, Лаос Елшісі Тхиенг Буфа, Жаңа Зеландиядан Хэмиш Купер, австралиялық Пол Эндрю Майлер, Монакодан Эвелин Жанта сынды Елшілер бар.


Тегтер:

Қазақстан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!