Кипр халқы ел Президентін қызметтен кетуді талап етуде

Фотография - Кипр халқы ел Президентін қызметтен кетуді талап етуде

Кипрде наразылық шеруі тыйылмай тұр.

273 0

Кипрде наразылық шеруі тыйылмай тұр.

Ел астанасы Никосияда мыңдаған адам Еуроодаққа қарсылық білдіруде. Халық елдегі қаржы ахуалы әлем кредиторлары қойған талап салдарынан шиеленісіп кеткендігін айтуда. Жергілікті тұрғындар «Сатқындар түрмеге қамалсын!» деп ұрандатты. Наразы жұрт екі тәулік бойы наразылығын білдіруде. Олар Кипрдің орталық банкі басшысы Паникос Деметриадес пен ел Президенті Никос Анастасиадистің қызметінен кетуін талап етті. Сонымен қатар жиналған қауым депозитке салынатын салық мәселесін, ұлттық референдумға шығаруды талап етті. Естеріңізге салайық, таяуда Кипр банкі ғимаратына қызметкерлер мен депозит иелері баса көктеп кірмек болған. Халық «жаппай қысқарту болады» деп үрейленуде.


Тегтер:

Кипр

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!