Қорғаныс министрлігі бүкіл Қазақстан бойынша әскерге жинақтау орындарын ашты

Фотография - Қорғаныс министрлігі бүкіл Қазақстан бойынша әскерге жинақтау орындарын ашты

 2013 жылдың бірінші наурызынан бастап Қазақстанның түрлі қалаларында 34 әскерге жинақтау орыны жұмыс істей бастады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

238 0

 2013 жылдың бірінші наурызынан бастап Қазақстанның түрлі қалаларында 34 әскерге жинақтау орыны жұмыс істей бастады, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.

Қазақстан Қарулы Күштерінде офицерлер құрамы лауазымдарына келісім шарт қызметі бойынша әскери қызметшілерді жаңа принцип бойынша жинақтау енгізілді. Оның негізгі мәні әскери қызметке өз еркімен барғысы келетін, кәсіби, моральдік және психологиялық, сондай-ақ дене тәрбиесі жағынан жақсы дайындығы бар азаматтарды тарту.

«Аталған жүйенің жұмысын жақсарту мақсатында Қорғаныс министрлігі келісім шарт қызметі бойынша әскери қызметшілерді қабылдайтын пункттерді құру бағдарламасын жасады. 2013 жылдың 1 наурызынан Қазақстанның әртүрлі қалаларында 34 жинақтау пункті өз жұмысын бастады», - деп хабарлайды ведомство.

Баспасөз қызм етінің ақпарына қарағанда, жұмыс басталған алғашқы айдан бері жинақтау пунктінің қызметкерлері запастағы 300-ден астам офицер мен 280-ге жуық әскери қызметшілерді келісім шарт бойынша іріктеген.

«Болашақта мұндай жинақтау пункттерін Қазақстаннның бүкіл қалалары мен елді мекендерінде ашу жоспарлануда. Жинақтау пункті қызметкерлерінің ауқымды жұмыстарының арқасында келісім шарт қызметі бойынша әскери қызметке барғысы келетіндер толық қанды ақпарат алып, Қарулы Күштер қатарына жазылуға мүмкіндік алады», - делінген хабарламада


Тегтер:

Әскер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!