Алматыдағы арнайы техникалардың қызметін полицейлер күрделендіруде

Фотография - Алматыдағы арнайы техникалардың қызметін полицейлер күрделендіруде

Алматыда коммуналдық мәселелердің бір түрі тағы да күн санап күрделеніп келеді, - деп хабарлайды «Жетінші арна».

162 0

Алматыда коммуналдық мәселелердің бір түрі тағы да күн санап күрделеніп келеді, - деп хабарлайды «Жетінші арна».

Онсыз да тазалығымен тәнті ете қоймайтын ару Алматы көшелері келешекте жуылмай, тіпті қоқыстан көз ашпай қалуы да мүмкін. Өйткені, полицейлер арнайы мамандандырылған техникаларға Жол ережесін бұзды деп тым жиі айыппұл салатын көрінеді. Сондай көлік жүргізушілерінің бірі - Наурызбек Күрдекбаевтың 80 мың теңгелік жалақысының жартысы, айыппұл төлеуге шығындалады. Ал мұндай айыппұлдар бағаналар басындағы бейнебақылау камераларының түсіріп алуы мен соның негізінде көлік жүргізушілеріне айыппұлдық хабарлама жолданады екен. Онда жол жуып бара жатқан арнайы техниканың қос сызықты кесіп өтуі немесе бағдаршамдағы тоқтау сызығынан өтіп кететін сәттері жайлы баяндалып, айыппұл көлемі көрсетіледі.

Бұл жөнінде жүргізушінің өзі «кейде ондай әрекетсіз өз міндетіңді дұрыс атқару мүмкін болмайды. Ал мұндай Ереже бұзуымызды ешкім түсінгісі келмейді» дейді күйініп.

«Алматы Тазалық» мекемесінің директоры Марат Кесікбаевтың айтуынша, қыс басталғаннан бері күні бүгінге дейін кәсіпорынның көлік жүргізушілері 1 млн. 200 мың теңге шамасында айыппұл төлеуге мәжбүр болыпты. Өйткені, көліктің тоқтауына рұқсат етілмейтін жердегі қоқысты алу үшін, олар тоқтауға мәжбүр. Бұл қызметкерлер жұмысының жеңілдеуі үшін қажет. Ал жоғарыдағыдай сомада айыппұл төлеу компания үшін тиісміз. Айналып келгенде заң шеңберінде жаза қолдану жүргізушілердің мойнына ілінуде.

- Бұл кадр тұрақсыздығын тудыруымен қатар, қала тазалығына кері әсерін тигізетінін айта келіп, бас-көзсіз айыппұл сала беруді доғарып, жағдайға түсіністікпен қараған абзал,- дейді ол.

Коммуналдық және арнайы сала қызметкерлерінің аталған мәселеге қатысты Парламеттік деңгейде шешілуін қалаған бұйымтайлары да жоқ емес. Олардың ойынша, қаланың жедел қызметін ұйымдастыруда бейнебақылау жүйесі туралы заң-закүнге толықтырулар мен өзгерістер енгізу керек екен. Сонда арнайы техникалар адресіне айыппұлдар ағыны азайып, әлеуметтік мәселенің тең шешілуіне септігі тимек.

Ал полицейлер болса, «Заң алдында бәрі бірдей» деген принципті берік ұстанған. Олардың айтуынша, бейнебақылау камерасы көліктің ЖҚЕ бұзған-бұзбағанын ажыратып, айқындамайды. Сондықтан да оған әркім әрқалай көзқараспен қарайды. Әрбір заң бұзушылықты анықтаудың әкімшілік өндірістік бөлімі болады. Ол оқиға орны мен уақыты, айы-күні секілді мәндерге ие. Сонымен қатар, тәртіпсіздікті дәлелдеудің немесе ақтаудың түрлі тәсілдік базасы бар. Тек, мұны тараптар тиімді пайдалана білуі тиіс, - дейді Алматы қаласы ІІД ЖПБ Процессинг орталығының бастығы Зинур Тойбаев.

Қалай десек те, әңгіме тақырыбына айналып отырған мәселенің өзекті екендігін ЖПБ мамандары да жоққа шығармайды. Тазалыққа жауапты арнайы мамандандырылған машиналардың барлығын бірдей ортақ базаға енгізуге Заң мүмкіндік бермейді. Өйткені, жедел жәрдем көлігі немесе арнайы көлік жүргізушілерінің күй-жайына полицейлер сенімді емес. Сондықтан да олар айыппұл салумен шектелуде. Ал енді Алматы полицейлері алдағы жақын күндерде коммуналдық қызметтегі техникаларға салынатын айыппұл көлемін мейлінше минималды көрсеткішпен белгілеп беруге келісім беріп отыр.

P.S: Расында да мұндай проблемалар елімізде аз емес. Түпкілікті және жалпыға бірдей түсінікті етіп шешілуі тиіс мәселелер жетіп артылады. Мысалы, үлкен қалалардағы қоғамдық көліктер солға не оңға бұрылу керек болса, автобустар ондай маневрды жолдың екінші қатарынан жүзеге асыра береді. Сол сияқты сарыны былай қойып, бағдаршамның қызыл шамына да қарамай жүріп кетуіне тура келеді. Ережеге сай жүріп-тұрса, диспетчер бекіткен уақыттан қалады. «Бұл енді қоғамдық көлік қой» деп кешіріммен қарауға болатындай-ақ. Көп ретте онсыз да солай. Мұны жүргізушілер өзара түсіністікпен қабылдайды. Ал бірақ, апатты жағдай орын алса...

 


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!