Құқық қорғаушылар Курамшинге ара түсті

Фотография - Құқық қорғаушылар Курамшинге ара түсті

Вадим Курамшинді Солтүстік Қазақстан облысының Горное елді мекеніндегі ЕС 164/4 колониясына ауыстыру шешімін қайта қарауды сұрап, хат жазды.

223 0

Бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сотталған азаматтық белсенді Вадим Курамшинді Солтүстік Қазақстан облысының Горное елді мекеніндегі ЕС 164/4 колониясына ауыстыру шешімін қайта қарауды сұрап, хат жазды.

Хат Front Line Defenders ұйымының сайтында жарияланды. Оған "Ашық диалог" қоры, "Шекарасыз тілшілер" ұйымы, Адам құқықтарына мониторинг жасау институты, Front Line Defenders, Civil right Defenders және Campaign Kazakhstan ұйымдары қол қойып, қосылған.

"Біз Курамшиннің бұл түрмеге отырғызылуына байланысты оның денсаулығына алаңдаймыз. Курамшин бұрын осы түрмедегі адам құқықтарының бұзылғанын айыптағандықтан түрме қызметкерлері одан кек қайтаруы мүмкін деп қауіпденеміз" делінген үндеу хатта.

Өткен жылдың тамызында Тараз қалалық соты Курамшинді "бопсалау" бабы бойынша бір жыл шартты мерзімге сотталған еді. Бірақ прокуратураның қарсылығынан соң ол өткен жылдың желтоқсанында 12 жылға қайта сотталған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!