Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Фотография - Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды

Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

342 0

Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.

Бұл туралы  ҚР Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдымен бірінші вице-премьер Мағжан Жұмабаев ауданындағы бірқатар нысандарды аралап, өсімдік шаруашылығымен, мал шаруашылығымен және сүт өнімі өндірісімен айналысатын «Нурсен Агро» ЖШС жұмысымен танысты.

Одан кейін Булаев қаласының аудандық орталығында «Булаев астық» ЖШС-да болды. Аталған элеватор өткен жылғы желтоқсанда пайдалануға берілген. Бұл жерде астық сақтау, механикаландырылған мұнара, жедел сыйымдылық, автокөліктің бункер тиеуін және бункер қалдықтарын, кептіргіштер, темір жол тұйығын сақтауға арналған үш сыйымдылық салынған.

Сондай-ақ Б. Сағынтаев Булаев қаласының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етумен айналысатын «Булаев қалалық  коммуналдық шаруашылығы» МКК-ға барды.  

Ал түстен кейін Петропавл қаласында 2020 жылға дейін арналған ТКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жөндеуден өткен көп пәтерлі тұрғын үйді қарап шықты. 1962 жылы салынған үйде шатыр жабындары, балкондар күрделі жөндеуден өткен, сонымен қатар, жылу автоматикасы және жылу қуатын есептеуіш құралдар орнатылған.

Сонымен қатар, бірінші вице-премьер қаладағы күрделі жөндеуді қажет ететін автожол көпірін қарап шықты. Одан соң «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша жас жанұялар мен әлеуметтік қорғалатын санаттағы азаматтарға арналған монопәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатқан «Береке»  жаңа шағынауданын аралады.  Қаладағы жүк вагондарын шығаратын «ЗИКСТО» АҚ жұмысымен танысып, ЖЭО-2-де, Петропавловск қаласының су торабын көрді, облыстағы тасқынға қарсы іс-шаралар барысымен танысты.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бірнеше: оның ішінде өңірдегі көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі және «Ақ бұлақ» бағдарламасының іске асыру барысы қаралды. Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдігіне көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді бақылауға алу бойынша шаралар қабылдауды және көктемгі егісті жүргізуге қажетті ауыл шаруашылығы өнiмін өндiрушi материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуді тапсырды. Бірінші вице-премьер облыс ауылдық жерлердегі тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жағдайын қатаң қадағалау керек екенін атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!