Биыл елімізде жатыр мойны обырына қарсы егу жұмыстары басталады

Фотография - Биыл елімізде жатыр мойны обырына қарсы егу жұмыстары басталады

Бұл туралы бүгін ҚР ДСМ жанындағы емделушілердің құқын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысынан кейінгі брифингте  Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басқарма бастығы Айтмағамбет Жолшоринов айтты

128 0

Биыл елімізде жатыр мойны инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталады.

Бұл туралы бүгін ҚР ДСМ жанындағы емделушілердің құқын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысынан кейінгі брифингте  Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің басқарма бастығы Айтмағамбет Жолшоринов айтты.

«Қазіргі кезде әйелдер арасында қатерлі ісік ауруларын азайту үшін биылдан бастап вакциналау мәселесін көтеріп отырмыз. Атап айтқанда, осы жылы 11-12 жастағы қыздарға адамның папиллома вирусына қарсы егу жұмыстарын бастамақпыз. Бұл тұрғыда қазіргі кезде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біріншіден, осы орайда медицина мамандары оқытылуда, екіншіден, егетін вакциналар тиісті тексерулерден өтіп, оның қауіпсіздігі анықталды»,-деді ол. Белгілі болғандай, вирусқа қарсы егілетін бұл вакциналардың 2 түрі де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификатын алған. Екі вакцинаның бірі Нидерландыда, ал екіншісі Бельгияда шығарылады.

А. Жолшориновтың сөзіне қарағанда, аталған екпе ата-аналарының рұқсатымен ерікті түрде егіледі. «Бұл вакцина қыздарға бірінші күні, содан кейін 2 ай және 6 ай толғанда егіледі. Осы кезеңде вакциналанғаннан соң, иммунитет пайда болады»,-дейді ол.

Бастапқы кезеңде аталған шаралармен еліміздің төрт өңірі қамтылмақ, яғни Атырау мен Павлодар облыстары, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында іске асырылады.

«Бұл вакциналар АҚШ-та, Ұлыбританияда, Белгияда және басқа да елдерде көп жылдан бері (шамамен 9 жыл) пайдаланылып келеді. Олардың статистикасы бойынша осының арқасында індет деңгейі 2,5 есеге дейін төмендеген екен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!