ЖОО студенттері әскери кафедраларда біріншіден соңғы курсқа дейін оқитын болады

Фотография - ЖОО студенттері әскери кафедраларда біріншіден соңғы курсқа дейін оқитын болады

Елордадағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында студенттерді запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлау мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті

325 0

Елордадағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында студенттерді запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша даярлау мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті,-деп хабарлады ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Қарулы Күштерді жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан үрдістерге кеңінен тоқтала келіп, соңғы жылдары әскери кафедраларда студенттер даярлау жүйесі айтарлықтай өзгеріске түспегенін, оқу бағдарламалары қазіргі заман талабына толықтай жауап бермейтінін атап өтті. «Осының бәрі Қазақстанның Қарулы Күштерін дамыту мақсатындағы әскери өнерге оқытылған резервті дайындау жүйесін түбегейлі өзгертуді қажет етеді», - деді С.Жасұзақов.

Әскери өнерге оқытылған резервті Қарулы Күштердің талаптарына сай келтіру үшін, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Қазақстанның ЖОО-ларының әскери кафедраларында әскери кадрларды даярлау Тұжырымдамасының жобасын әзірледі.

«Әскери кадрларды даярлау Тұжырымдамасында әскери кафедраларда білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріске түсетін болады. Енді студенттер бірінші курстан бастап, соңғы курсқа дейін әскери білім ала алады. Студенттер оқу мекемесінің бейінін, әскери бөлімше полигондарының орналасу орнын, өндірістік практиканы өткізу нысандарын есепке ала отырып қатардағы жауынгер курсынан бастап, рота командирі буынына дейінгі лауазымдарға кезең-кезеңмен өтеді деп жоспарлануда», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, әскери кафедралар тек запастағы офицерлерді даярлауға ғана емес, Қарулы Күштеріміздің материалдық-техникалық қамту мамандарына сұранысын қанағаттандыруға да бағытталатын болады. Бұл өз кезегінде Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында командалық лауазымдағы офицерлер даярлауға да толық мүмкіндік береді.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!