Алматы әкімі Түркияның Сакарья провинциясының губернаторымен кездесті

Фотография - Алматы әкімі Түркияның Сакарья провинциясының губернаторымен кездесті

29 наурыз күні Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов Түркияның Сакарья провинциясының губернаторы Мұстафа Буюкпен кездесті

183 0

29 наурыз күні Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов Түркияның Сакарья провинциясының губернаторы Мұстафа Буюкпен кездесті.

Кездесу барысында шаһар басшысы бауырлас екі елдің арасындағы қарым-қатынасқа жоғары баға беріп, оның мемлекет басшылары Н. Назарбаев пен А. Гүлдің жүргізіп жатқан саясатының нәтижесі екендігін айтты.

Алматы әкімі түрік бизнесмендерін Алатау ауданында құрылып жатқан  индустриалық аймақта, «ALATAU IT city» ақпараттық технологиялар паркінде» және арнайы экономикалық аймақта бірлескен жобаларды әзірлеуге және іске асыруға шақырды. Онымен қоса, түрік бизнесмендері «Көкжайлау» курорты жобасын бірлесіп жүзеге асыруға шақырылды.

Екі елдің арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 2 наурызда орнатылған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!