Алматы қаласының әкімі 120 мың тұрғынымен бірге жалпықалалық сенбілікке қатысты

Фотография - Алматы қаласының әкімі 120 мың тұрғынымен бірге жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті

165 0

Бүгін Алматыда жалпықалалық сенбілік өтті.

Оған шаһар басшысы Ахметжан Есімов, танымал әртістер мен спортшылар, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық және жастар бірлестіктерінің өкілдері, ПИК-тер, ЖОО-лар мен арнайы оқу орындарының студенттері қатысты.

120 мың қала тұрғыны қатысқан сенбілік барысында көшелер, аулалар, саябақтар мен скверлер, арық жүйелері, өзен арналары мен жағалаулары тазартылды. Сондай-ақ жапырақты және қылқанды 500 ағаш көшеті отырғызылды.

А. Есімовтың айтуынша, соңғы 3 жылда апатты және жасы үлкен 29 мыңға жуық ағаш кесіліп, 100 мыңнан астам ағаш жаңадан егілді. Биыл осындай тағы 10 мың ағаш кесілетін болады.

Алматыда биылғы көктемде 28 мың ағаш пен 10 мың бұта отырғызу жоспарланған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!