Бүгін республиканың 13 өңірінде мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

Фотография - Бүгін республиканың 13 өңірінде мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлайды.

124 0

Бүгін, 31 наурызда республиканың 13 өңірінде 57 сайлау округінде босатылған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтеді. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Барлығы 6 облыстық, 13 қалалық және 38 аудандық мәслихат депутаттары сайланады», – делінген хабарламада.

Сайлау науқаны қажетті қаржылай және материалдық-техникалық қормен қамтамасыз етілген.

Сайлау науқаны кезінде 167 кандидат ұсынылды, оның 59-ын саяси партиялар және 108-і өзін-өзі ұсынды.

Барлығы 157 адам тіркелді. 60 кандидат ҚР саяси партияларының мүшесі боп табылады, 68-і – партиялық емес, тағы 29-ы – өздері мүше партияны белгілеген жоқ. Ақпарат bnews.kz сайтынан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!