«Хоргос ісі» ашық әрі объективті түрде қаралатын болады

Фотография - «Хоргос ісі» ашық әрі объективті түрде қаралатын болады

«Хоргос ісі» ашық әрі объективті түрде қаралатын болады

230 0

«Хоргос ісі» ашық әрі объективті түрде қаралатын болады. «КТК» телеарнасында өткен «Халық қызметшісі» бағдарламасында сұхбат берген еліміздің Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров осылай мәлім етті.

«Хоргос ісі» сәуір айының алғашқы онкүндігінде сотқа түсуі тиіс. Маған белгілі болып отырғаны, іс материалдары 1 614 томды құрайды, қылмыстық іске 45 адам тартылған. Бұлар кеденнің, қаржы полициясы органдарының және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  жауапты тұлғалары. Олардың 43-і қамауға алынған, 94 адвокат оларды қорғауға алған. Іс бойынша 600-ден астам куәгер бар», - деді Б.Бекназаров.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта «Хоргос ісін» қарау үшін үлкен зал дайындауда. Онда журналистерге барлық жағдай жасалады. Жоғарғы соттың баспасөз қызметі сот үдерісінің барысы туралы ақпараттарды  жедел ұсынатын болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!