Еліміздегі жолдардың жағдайы 4 пайызға жақсарды

Фотография - Еліміздегі жолдардың жағдайы 4 пайызға жақсарды

Бұл шара өз кезегінде транзиттік тасымалдың 20 пайызға артуына ықпал етті.

147 0

Еліміздегі жолдардың жағдайы 4 пайызға жақсарды. Бұл шара өз кезегінде транзиттік тасымалдың 20 пайызға артуына ықпал етті.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, автокөлік саласында былтыр республикалық маңызға ие жолдардың 5,5 мың шақырымы жөндеу жұмыстарымен қамтылған. «Былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда жол жөндеу динамикасы артты. Республикалық жолдарды жөндеу - 2,2 ал, жергілікті жолдар 3,6 мың шақырымға өсті. Сонымен қатар, Елбасының тапсырмасына сәйкес «Батыс Еуропа Батыс Қытай» жобасының құрылыс жұмыстары да қарқынды жүруде. Соның нәтижесінде жеті жүз шақырым жол салынып, оған отыз бес мыңға тарта адам, төрт мың дана техника тартылды» , деді А. Жұмағалиев.

Оның сөзіне қарағанда, биыл сегіз жүз алты шақырым жол салынып, қозғалыстарды ашу жоспарлануда. «Егер осы жұмысты өткізу аясында қырық мың адам тартылса, бұл бір жағынан халықты жұмыспен қамтамасыз етуге де зор мүмкіндік береді», дейді министр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!