Соңғы бес жылда елімізде 21 авиациялық оқиға орын алды

Фотография - Соңғы бес жылда елімізде 21 авиациялық оқиға орын алды

2008-2013 жылдары елімізде 21 авиациялық оқиға орын алды

128 0

2008-2013 жылдары елімізде 21 авиациялық оқиға орын алды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев айтты.

«Бұл ретте техниканың бұзылуынан - 3, сыртқы факторлар әсерінен (ауа райының әсері, құстардың кедергі болуы) - 3, ал ұшу техникасы ережелерін бұзғандықтан, яғни адам факторынан 15 оқиға орын алып отыр. Осыған орай, ұшуларда адам факторынан болатын жағдайларды төмендету мақсатында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпсіздік жұмысын қадағалау үшін былтыр Үкімет басшысының өкімімен ИКАО аудитінің ескертпелерін жою жөнінде ведомствоаралық жоспар бекітілген. Сонымен бірге, ИКАО-ның Техникалық ынтымақтастық бюросымен техникалық және кеңес беру туралы келісім жасалды», - дейді А. Жұмағалиев.

Министрдің айтуына қарағанда, бүгінгі күні Мәжілісте көлік мәселелеріне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Онда да авиацияға қатысты өзгерістер енгізу қаралады. «Бұл өзгерістер еліміздің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының ИКАО халықаралық стандарттарына сай болуын қарастырады», -деді А. Жұмағалиев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!