Өскеменде «KIA Quoris» автокөлігі шығарылады

Фотография - Өскеменде «KIA Quoris» автокөлігі шығарылады

Облыс орталығындағы «Азия Авто» зауытынан енді «KIA Quoris» автокөлігі шығарылатын болады. Бұл жайында аталмыш көлікті жасап шығаруға рұқсат беретін құжаттарға қол қоюға арналған салтанатты іс-шара барысында белгілі болды

125 0

Маңызды шараға облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев, «Азия Авто» АҚ-ның бірінші вице-президенті Ерік Сағымбаев, «KIA Motors» компаниясы халықаралық жобалар жөніндегі топ басшысы Йонг-Хун Ко мырза қатысты.

Бұл жерде ерекше атап өтетін жәйт, «Quoris»-тің басқа жаңа «КИАлардан» артықшылығы – оның артқы жетекті болуында. Сол себепті атаулы көлікті шығаруды қолға алу «Азия Авто» үшін де тың бастама болып отыр.

– Бүгінгі шара біз үшін өте маңызды. Өйткені, компаниямыз жаңа бір қыры-нан танылуға мүмкіндік алуда, – деді Е.Сағымбаев салтанатты жиында. – Қазіргі уақытта еліміздегі «KIA» автокө-ліктерін сатып алушылардың 88 пайызы қарапайым азаматтар, жеке тұлғалар болып отыр. Ал мемлекеттік сатып алу-лардың мұндағы үлесі үш пайыздан асар-аспас деңгейде.

Қалғаны бизнес құрылымының еншісінде. Дегенмен, бүгінде «Quoris» автокөлігі негізінен корпоративтік сектор тарапынан қызығушылыққа ие болып отырғанын жасыра алмаймыз.

Бұдан кейін сөз алған «KIA Motors» компаниясы халықаралық жобалар жөніндегі топ басшысы Йонг-Хун Ко мырза «Азия Автоның» бұл көлікті шығаруға әлеуеті жететініне күмән келтірмейтінін және Өскеменде жасалған «Quoris» корейлік «ағасынан» сапасы жағынан еш кем түспейтініне сенімді екенін тілге тиек етті.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев та өз сөзінде компанияның мүмкіншіліктері зор екенін ерекше атап өтті.

– Компанияның әрбір жаңа жобасы мемлекет тарапынан қолдау тауып келеді. Және де алдағы уақытта да осылай бола бермек. Өйткені, «Азия Авто» отандық автокөлік құрастыру ісінің флагманы болып табылуда, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Ол сонымен қатар, былтыр зауыттан шығарылған көліктердің қаржылай мөлшері 50 миллиард теңгені құрағанын айтты. 2012 жылы компания тарапынан салық төлеуге ғана 1,5 млрд. теңге жұмсалған екен. Қазір зауытта 800 жұмыс орны бар. «Азия Авто» өңірімізде мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік нысандар салуға да көп көңіл бөліп келеді. Ермек Көшербаев компания алдына жұмыс орындарын көбейту және өндіріске жаңа технологияларды енгізу тәрізді мақсаттар қою қажеттігін баса айтты.

Ресми құжаттарға қол қойылған соң, шараға қатысушылар зауыттан шығарылған жаңа көліктердің тұсаукесер рәсімін тамашалады.


Тегтер:

завод

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!