Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қытайға ресми сапармен барады

Фотография - Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қытайға ресми сапармен барады

 Бұл туралы бүгін Астанада өткен апта сайынғы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті

209 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға ресми сапармен барады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен апта сайынғы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Алдағы аптаның соңында Қытайға ресми сапары барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халық Республикасының жаңа көшбасшысы Си Цзиньпинмен келіссөздері жоспарланып отыр. Қытай Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі. Екі ел арасында жан-жақты ынтымақтастық қарқынды дамуда. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 24 млрд 500 млн АҚШ долларына жетіп отыр», - деді Әбибуллаев.

Кездесу барысында Мемлекет басшылары жоғары деңгейдегі Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің ахуалын талқылауға ниетті.

«Мұнымен қатар тараптар БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберіндегі халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмаспақ. Кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою көзделіп отыр», - деді ресми өкіл.

Қытайға сапар аясында Мемлекет басшысы «Инновация, жауапкершілік және ынтымақтастық – Азиядағы ортақ дамудың жолдарын іздеу» тақырыбымен жыл сайын өтетін Давос Азиялық экономикалық форумының жұмысына да қатысады.

 

BNews.kz сайтынан


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!