2013 жылы көліктердің салмағын өлшейтін 11 бекет салынады

Фотография - 2013 жылы көліктердің салмағын өлшейтін 11 бекет салынады

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті

143 0

Биыл Қазақстанда автокөліктердің салмағын өлшейтін 11 бекет салынса, болашақта олардың саны 80-ге жетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті.

«Өткен жылдан бастап автокөліктердің салмағы мен габаритін автоматты түрде өлшейтін 2 бекет орнатылды. Осындай бекеттің биыл 11-і іске қосылады. Болашақта осындай бекеттердің санын 80-ге жеткізу жоспарлануда»,- деп хабарлады министр.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндама жасады.

Кенжекей Тоқтамұрат


Тегтер:

Кеден

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!