Соңғы бес жылда Қазақстандағы көліктер саны 4 миллионға жетті

Фотография - Соңғы бес жылда Қазақстандағы көліктер саны 4 миллионға жетті

Жалпы көлік санының 80 пайыздан астамының пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан

257 0

Елімізде соңғы бес жылда көліктер саны 4 млн. бірлікке жетті. Бүгін Парламент Мәжілісінде көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Экономикалық даму және өңірлік реформа комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов осылай айтты.

«Жалпы көлік санының 80 пайыздан астамының пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан. Бұл ретте жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау үлесі 99 пайызды құрайтынын еске сала кеткім келеді. Осыған байланысты республикалық жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын салу және жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар мен материалдар сапасын барынша бақылауды күшейту қажет», - деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, бұл бағытта жол қозғалысы қауіпсіздігі аудиті институтын енгізу, қоғамдық бақылау жүйесін дамытудың маңызы зор. Ал бұған «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрылысын да үлгі етіп алуға болады. Өйткені, депутаттың сөзіне қарағанда, елімізде автокөлік жолдарының жүктемесі жыл сайын өсіп отыр.  Бұдан бөлек, С. Әйімбетов ауылдар мен елді мекендерді көлікпен қамтамасыз ету проблемасын шешетін уақыт жеткенін атап өтті.  Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі күні 2 мыңға тарта ауылдық елді мекенде, немесе олардың 30 пайызында жыл бойына қызмет көрсететін іркіліссіз көлік қатынасы болмай отыр.

Бұған қоса, 6 мың 938 ауылды елді мекеннің 900-ге жуығында тіпті қатты төсемдері бар кірме жол да жоқ.

«Халықты өмірлік маңызы бар әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету, өңірлік шаруашылық байланыстарды жалпы жүйеге ықпалдастыру мақсатында шалғайдағы елді мекендерді сапалы көлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет», - деді С. Әйімбетов.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!