Серік Ахметов Украина Президентімен кездеседі

Фотография - Серік Ахметов Украина Президентімен кездеседі

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апта сайынғы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті

384 0

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Серік Ахметов Украина Президентімен кездеседі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен апта сайынғы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«4-5 сәуірде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтың Украина Республикасына тұңғыш ресми сапары орын алады. Осы сапар аясында Серік Ахметовтың Украина Президенті Виктор Януковичпен, сонымен қатар Украина Премьер-министрі Николай Азаровпен екіжақты келіссөздері жоспарланып отыр. Кездесулер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық болашағы мен екі жақты қарым-қатынастардың ауқымды өзекті мәселелері кеңінен талқыланады», - деді Әбибуллаев.

Кездесулер қорытындысы бойынша 2013-2014 жылдарға көзделген Қазақстан-Украина ортақ іс-қимылдар жол картасы төрт бағытты жоспарына және тағы басқа екіжақты құжаттарға қол қою көзделіп отыр.

«Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы қарқынды дамып келе жатыр. Оның көлемі жылдан-жылға артып отыр. 2012 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының көлемі 24 пайызға өсіп, 5,5 млрд долларға жетті», - деп атап өтті ресми өкіл.

Серік Ахметовтың Украинаға ресми сапары қарсаңында 1-2 сәуірде Қазақстан мен Украина арасындағы мемлекетаралық комиссияның он бірінші отырысы өтпек.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

премьер

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!