Қазақстандағы әуе кемелер паркінің 80 пайызы тозған

Фотография - Қазақстандағы әуе кемелер паркінің 80 пайызы тозған

 Сарапшылардың мәліметі бойынша Қазақстандағы әуе кемелері паркінің тозығы 80 пайызды құрайды.

258 0

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған Үкімет сағатында Экономикалық даму және өңірлік реформа комитетінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов айтты.

«Бүгінгі таңда мемлекеттік тізілімде 497 азаматтық әуе кемелері тіркелген. Сарапшылардың мәліметі бойынша әуе кемелері паркінің тозығы 80 пайызды құрайды. Оларды пайдалану мерзімі 20 жылдан асады. Ал кеменің қызмет етуінің белгіленген мерзімі осы жылдан аспауы тиіс. ИКАО стандартына келмейтін, ескірген әуе кемелерінің паркі отандық авиацияның үлкен кемшілігі болып отыр», - деді комитет төрағасы.

Бұдан бөлек, авиация пероналының тапшылығы, отын базасының жетіспеушілігі, сондай-ақ жөндеу жүргізетін базаның болмауы, әуежай инфрақұрылымының дамымауы өз шешімін таппай отыр. «Мұның барлығы ел ішіндегі, халықарлық әуе тасымалын пайдалануға теріс әсер етеді. Әуе билеттерінің қымбат болуы, бәсекелестіктің дамымауы, қанағаттанарлықсыз сервис, рейстердің жүйелі кешігуі мен отандық авиакомпаниялардың «қара тізімге» енуі өзекті болып қалып отыр», - дейді С. Әйімбетов.


Тегтер:

темир жол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!