Айыппұл – қауіпсіздікке қатысты шараны ширата түседі

Фотография - Айыппұл – қауіпсіздікке қатысты шараны ширата түседі

Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері Министрліктің тұрақты бақылауында тұр

185 0

Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру мәселелері Министрліктің тұрақты бақылауында тұр. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар вице-министрі

В. Петров ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген брифинг барысында мәлімдеді.

Осылайша, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті ағымдағы жылғы 3 айда 7 698 объекті мен 1 166 кәсіпорынды тесерді, нәтижесінде 17 439 техникалық қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын бұзушылық анықталған. Бұл ретте 928 объектінің жұмысы тоқтатылып, 631 кәсіпорынның басшысына 25 млн. теңге айыппұл санкциялары салынғанын да айтып өтті.

9 559 тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету, әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектінің өртке қарсы жағдайы тексеріліпті. Өрт қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін 7 160 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 6 711 лауазымды тұлғаға 76 млн. теңге сомаға айыппұл салынған.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!