Делидегі діни жиын жаһандық тұрғыдағы дінаралық үнқатысуды нығайтудағы Н. Назарбаевтың үлесін жоғары бағалады

Фотография - Делидегі діни жиын жаһандық тұрғыдағы дінаралық үнқатысуды нығайтудағы Н. Назарбаевтың үлесін жоғары бағалады

Шараға индауизм, мұсылман, зороастризм, сикхизм, жайнизмнің беделді өкілдері қатысты

233 0

ҚР Парламенті Сенаты Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Болат Жылқышиев пен Дін істері жөніндегі агенттіктің жауапты хатшысы Мәлік Мұрзалин құрамына енген Қазақстанның парламенттік делегациясы «Дінаралық және конфессияаралық келісімді ілгерілетудегі Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің рөлі» тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстел отырысына қатысты.  Шара 28 наурызда Дели қаласында Астана Діни форумын шақырудың 10 жылдығын мерекелеу аясында өтті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Шараға индауизм, мұсылман, зороастризм, сикхизм, жайнизмнің беделді өкілдері қатысты. Олар жаһандық тұрғыдағы дінаралық үнқатысуды нығайтудағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін жоғары бағалады.

Сенатор Б.Жылқышиев дөңгелек үстел отырысына қатысушылармен конфессияаралық келісім жөніндегі қазақстандық тәжірибемен бөлісіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің дамуы мен рөлі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ Б.Жылқышиев Үндістанның негізгі діндерінің басшыларымен және Съездің әріптестерімен кездесті. Индология және дінаралық үнқатысуды зерттеу жөніндегі институттың президенті Сомайя Самир Шантиламен,  «Джамаат-у-Шабаб-е Ислам» ұйымының президенті Салман Аль-Хусайни Аль-Надвимен, Заратуштра мұрасының  дүниежүзілік кеңесінің президенті Хоми Дхалламен кездесулерде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің жетістіктері мен ынтымақтастықтың келешегі туралы әңгіме болды. Шара аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің 10 жылдық тарихындағы негізгі оқиғалар көрініс тапқан фотокөрме ашылды.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!