Назарбаевтың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы туралы идеясы әлемдік қауымдастықта қолдау табуда

Фотография - Назарбаевтың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы туралы идеясы әлемдік қауымдастықта қолдау табуда

Өткен жылдың соңында «Синьхуа» ақпараттық агенттігі «Н. Назарбаев: Тұтыну идеологиясы ғаламдық дағдарыстың себебі болып табылады» деген мақаланы жариялады

369 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласындағы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы туралы идеясы әлемдік қауымдастықта қолдау табуда.

Атап айтқанда, өткен жылдың соңында «Синьхуа» ақпараттық агенттігі «Н. Назарбаев: Тұтыну идеологиясы ғаламдық дағдарыстың себебі болып табылады» деген мақаланы жариялады, онда Елбасының Бағдарламалық мақаласындағы сөздері келтірілген. Мысалы: «Тұтынудың бұл идеологиясы бүл­діруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің дамы­ған елдерінде жаппай әлеуметтік ма­сыл­дық туындатты және жаһандық дағ­дарыстың басты себептерінің бірі болып табылады».

Президент Н. Назарбаевтың Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын тұтыну идеологиясына сындарлы балама деп санайтындығы айтылған, өйткені, әлемдік өркениеттің барлық құндылықтары, барлық эконо­ми­калық және мәдени байлықтар виртуалды қаржы институттарымен емес, адам­ның еңбегімен жасалады. Бүгінде еңбек - ХХІ ғасыр жағ­дайын­дағы шешуші ұлттық фактор ре­тін­де, жаһандық бәсекелестік жағдай­ын­да, - алдыңғы кезекке ілгерілетілуі тиіс.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!