Қазақ мамандарын «шөміштен қысатын» шетелдік компаниялар анықталды

Фотография - Қазақ мамандарын «шөміштен қысатын» шетелдік компаниялар анықталды

Қазақстанға келген шетелдік мамандардың 79,5%-ы басшылық қызметтерді атқарады

161 0

Қазақстанға келген шетелдік мамандардың 79,5%-ы басшылық қызметтерді атқарады, деді ҚР Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми өкілі Ернұр Бұрахан.

Сараптама көрсеткендей, шетелдіктердік ең көп келетін саласы – құрылыс (44,3%,), одан кейін тау-кен өндірісі (16,3%), қызмет көрсету саласы (11,3%) және өңдеу өндірісінде (9,8%). Олардың тек 20,5%-ы ғана жұмысшы мамандығын атқарады.

Министрліктің тексерістері барысында шетелдік компанияларда отандық және келімсек мамандарға жалақы төлеу бойынша 180 әділетсіздік фактілері анықталған. Қазақ жұмысшыларын жалақыдан қысу 51 компанияда орын алған. Кейбір кәсіпорындарда шетелдіктер отандық мамандардан 11 есеге дейін көп еңбекақы алып келген. Аталған заңсыздықтар, әсіресе, қытайлық компанияларда жиі кездеседі.


Тегтер:

компания

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!