Көктемгі егіс науқанында жеңілдікті жағармай бағасы 13 пайызға төмен болады

Фотография - Көктемгі егіс науқанында жеңілдікті жағармай бағасы 13 пайызға төмен болады

Биылғы көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жеңілдікті бағадағы дизель отынының көлемі 360 мың тоннаны құрады

134 0

Биылғы көктемгі егіс жұмыстарына бөлінетін жеңілдікті бағадағы дизель отынының көлемі 360 мың тоннаны құрады.

Бұл туралы Үкімет отырысында көктемгі егіс науқаны бойынша баяндама жасаған  ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде бекітілген бағамен жағармайды жеткізу жұмыстары жүріп жатыр. Тасымалдау мен операторлардың шығындарын есептей келе, шаруалар үшін жағармай орташа есеппен литріне 90 теңгені құрамақ. Бұл өз кезегінде орташа нарықтық құнынан 11-13 пайызға төмен.

27 наурыздағы жағдай бойынша 49,5 мың тонна көлеміндегі арзандатылған дизель отыны жіберілді.

Сөз соңында ведомство басшысы жергілікті жерлердің жеңілдікті дизель отынының құнын уақытында төлеу бойынша жұмыстарды бақылауда ұстау мәселесін атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!