Ағымдағы жылы 15,9 млн. гектар алқапқа дәнді-дақылдар егіледі

Фотография - Ағымдағы жылы 15,9 млн. гектар алқапқа дәнді-дақылдар егіледі

Көктемгі егіс алқабы 18,6 млн. гектарды құрайды

170 0

Көктемгі егіс алқабы 18,6 млн. гектарды құрайды. Бұл туралы бүгін  селекторлық тәртіптегі Үкімет отырысында көктемгі егіс науқаны бойынша баяндама жасаған  ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Министрдің айтуынша, дәнді-дақылдар 15,9 млн. гектарға, оның ішінде бидай 13 млн. алқапқа егіледі.

Айта кетейік, 2013 жылғы деңгеймен салыстырғанда бидай алқабының 468 мың гектарға, күріштің 5,7 мың гектарға азаюы күтілуде.

«Оның орнына жүгері алқабы 5,6 мың гектарға, сондай-ақ басқа дәнді-дақылдар алқабы 76,8 мың гектарға ұлғаяды»,-деді А. Мамытбеков.

Белгілі болғанындай, майлы дақылдар егістері биыл 1,9 млн. гектарға жетеді. Мал азығы дақылдары 3,1 млн. гектарды құрамақ.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!