Биыл елімізде 32,4 мың тонна тұқым тапшылығы бар

Фотография - Биыл елімізде 32,4 мың тонна тұқым тапшылығы бар

Республика бойынша тұқым тапшылығы 32,4 млн тонна деп күтілуде

172 0

Республика бойынша тұқым тапшылығы 32,4 млн тонна деп күтілуде. Бұл туралы бүгін көктемгі егін егу науқанына дайындық мәселелері қаралған Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Облыстадың берген мәліметіне сүйенсек, аймақтарға қажетті дән көлемі 98,9 пайызға қамтылған. Тұқым тапшылығы - 32,4 мың тонна болады деп күтілуде. Сондықтан, мемлекеттік тұқым ресурсы есебінен 23,1 мың тонна бөлінеді»,- деген министр нақты қай облыстар дәннен тапшылық көріп отырғанын атады.

«Атап айтсақ, Ақтөбе облысына 8,3 мың тонна, Батыс Қазақстан облысына 4,8 мың тонна және Қостанай облысына 19,3 мың тонна тұқым қажет. Жалпы, қажетті дән көлемінің 9,3 мың тоннасы облыс ресурстарының есебінен жабылады»,- деп хабарлады министр.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!