Үкімет зейнетақы жүйесі туралы заң жобасын қолдады

Фотография - Үкімет зейнетақы жүйесі туралы заң жобасын қолдады

Қазақстанда қазір ерлер зейнетке 63 жастан, ал әйелдер 58 жастан шығады

338 0


Қазақстан үкіметі бүгін "Қазақстандағы зейнеткерлік қамсыздандыру туралы" және Қазақстан республикасының зейнеткерлікпен қамсыздандыру жөніндегі кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын мақұлдады.

Үкімет отырысында аталған заң жобаларын ұсынған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбеновтің айтуынша, жобада негізі екі өзгеріс қарастырылған. Олар - жұмыскердің зейнетақы қорына жалақысының 5 пайызы көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын аудару және 2014 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасын біртіндеп көбейту мәселелері.

Жоба бойынша, министрлік әйелдердің зейнетке шығу жасын келесі жылдан бастап 10 жыл ішінде қазіргі 58 жастан 63 жасқа дейін ұлғайтуды көздеп отыр.

Заң жобасы енді парламенттің қарауына жіберілмек.

Қазақстанда қазір ерлер зейнетке 63 жастан, ал әйелдер 58 жастан шығады.


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!