Еңбек министрі: 63 жасты неге көп деп ойлайсыздар?

Фотография - Еңбек министрі: 63 жасты неге көп деп ойлайсыздар?

Әйелдердің зейнет жасына келетін болсақ, бұрынғы ынтымақтастық жүйесі 1998 жылдан бастап жаңа жинақтау жүйесіне көшірілгенін бәріміз білеміз, түсіну керекпіз

184 0

Бүгін Үкімет отырысынан соң әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзарту мәселесі бойынша өз ойын білдірген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов журналистердің сұрағына осылай кері сауал жолдады.

«Әйелдердің зейнет жасына келетін болсақ, бұрынғы ынтымақтастық жүйесі 1998 жылдан бастап жаңа жинақтау жүйесіне көшірілгенін бәріміз білеміз, түсіну керекпіз. Мысалы, қазір бәріміз сол бұрынғы ынтымақтастық жүйесі бойынша зейнетақы алып жүрміз деп ойлаймыз. Өкінішке орай, олай емес. Біз жинақтау жүйесіне көшкен уақыттан бастап жыл сайын ынтымақтастық жүйеден алатын зейнатықымыздың салмағы төмендей береді. Мәселен, 2018 жылы 1960 жылы дүниеге келген әйел азаматтар зейнетке шығады. Сол 2018 жылдан кейін сол ынтымақтастық жүйесіне қатысуы төмендей береді. Оның төмендеуі ертең зейнетақы мөлшеріне әсерін тигізеді. Сондықтан, біз әрбір азаматтың жинақтау жүйесіне қатысу мәселесін күшейту керекпіз», - деген министр әйелдер үшін зейнетке шығу жасы ретінде неліктен 63 жас ұсынылып отырғанын түсіндірді.

«63 жасты неге көп деп ойлайсыздар? Бұрын біз әйел азаматтарды 58 жасында шығарып, жинақтау жүйесіне қатысу мерзімін шектеп отырмыз. Қазір дайындалған заң бойынша жинақтау жүйесіндегі әйел азаматтардың жасын ер азаматтардың жасымен теңестіріп отырмыз. Оны не үшін жасап отырмыз? Сол беріліп отырған бес жылдың ішінде қосымша салым салып, зейнетақысының мөлшерін арттыра алады. Сонымен қатар, заңда зейнетке ертерек шығу мүмкіндіктері де қаралған. Мысалы, 50 жастан бастап әйел азаматтарымыз зейнетақысын «ауенитет» арқылы сатып алып, ертерек шығып кете алады. Сонымен қатар, көп балалы аналар үшін 53 жастан шығу мүмкіндігі қарастырылған. Семей өңірінде тұрып жатқан әйелдер 45 жастан, ерлер 50 жастан зейнетке шығады. Ол да заңда сақталып отыр. Сонымен қатар, қоғамда денсаулыққа зиян, ауыр жұмыс істеген азаматтар үшін жұмыс берушісі оның зейнетақы салымына 5 пайыз артық салым салу міндетін көрсетіп отырмыз. Ол мәселеде де азаматтардың 55 жасынан бастап зейнетке шығуына болады», - деп түсіндірді министр.

С.Әбденовтің айтуынша, тиісті заң жобасы қоғамдағы пікірлерді ескере отырып, әзірленген. Құжат Қазақстан Республикасындағы зейнетақы саласын жаңғырту мақсатында жасалған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!