Астанада Орта Азиядағы ең биік ғимарат салынып жатыр

Фотография - Астанада Орта Азиядағы ең биік ғимарат салынып жатыр

Abu Dhabi Plaza кешенінің биіктігі 382 метрге дейін жетпек

455 0

Abu Dhabi Plaza кешенінің биіктігі 382 метрге дейін жетпек. Және оның құрылысы 2016 жылдың қараша айында аяқталады деп күтілуде. Бұл жайында Forbes Қазақстан хабарлайды.

«Abu Dhabi Plaza жобасы 88 қабатты ғимарат. Оның 90 мың шаршы метрінде кеңсе бөлмелері орналасқан. Сонымен қатар, кешенде 598 пәтер, 111 мың шаршы метр сауда алаңдары және екі қонақ үй бар. бұл Орталық Азиялағы ең биік ғимарат болмақ» дейді ҚР-ның Біріккене Араб Әмірлігіндегі төтенше және жедел өкілі Асқар Мусинов Gulf News тілшілеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Абу-Даби басшылығы жобаның құрылысына 1,5 миллиард доллар инвестиция құйған және құрылыспен айналысып жатқан компания да БАӘ-не тиесілі. Айта кету керек, нысан пайдалануға берілген сәтте алып ғимарат пен Астана әуежайының арасында темір жол торабы жүргізіледі.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!