Нью-Йорктің Уолл-стрит көшесінде қазақ елінің туы желбіреді

Фотография - Нью-Йорктің Уолл-стрит көшесінде қазақ елінің туы желбіреді

деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

280 0

Наурыз мерекесін тойлау кезінде Нью-Йоркте әлем экономикасының басты орталығы және туристердің сүйікті орны – Нью-Йорк қор биржасының қасында қазақ елінің көк байрағы көтерілді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Көк ту Қазақстанның әнұраны ойнатылып көтерілді. Салтанатты шараға қатысушылар алдында Нью-Йорктегі Қазақстан Республикасы Бас консулдығының және Қазақ мәдениеті орталығының өкілдері сөз сөйледі», - деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Көк байрақ асқақтатылған соң жиналған көпшілік қазақтың ұлттық ән-күйін және би нөмірлері қамтылған концерттік бағдарламаны тамашалады. Қазақстанның туы Манхэттен үстінде бірнеше күн желбіреп тұрмақ.

«Нью-Йорк қаржы орталығында туымыз тұңғыш рет көкке көтерілді. Біз бүгін Қазақстанның әлемдегі беделі және танымалдылығы артып келе жатқандығының қосымша белгісі болатын және тұрақты өткізілетін дәстүрді бастадық», - деп қуанышымен бөліседі Бас консулдықтың вице-консулы Қадыр Қаюпов.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

тіл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!