«Шоқпар-2013» оқу-жаттығулары аяқталды

Фотография - «Шоқпар-2013» оқу-жаттығулары аяқталды

Гвардейск гарнизонындағы «Мәтібұлақ» полигонында екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық «Шоқпар-2013» оқу-жаттығулары мәреге жетті

246 0

Гвардейск гарнизонындағы «Мәтібұлақ» полигонында екіжақты жедел-тактикалық командалық-штабтық «Шоқпар-2013» оқу-жаттығулары мәреге жетті.

Бұл туралы ҚР ҚМ баспасөз қызметінен хабарланды.

«Оңтүстік», «Астана»өңірлік қолбасшылықтары және Аэроұтқыр әскерлері құрамалары мен бөлімдерінің жалпы саны 4500-ден асатын жеке құрамы он күн бойы «Мәтібұлақ» полигонында өз шеберліктерін шыңдады.

Оқу-жаттығулары екі тарапты сипатқа ие болды. «Оңтүстік» және «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылары бір-біріне шартты түрде қарсылас болды. Штабтар қажетті есептерді жүргізіп, жауынгерлік іс-қимылдарды мұқият жоспарлай алды.

Екі жақты жаттығуларда өңірлік қолбасшылықтардың әскерлері қорғаныс пен шабуылдаудан тұратын іс-қимылдарды пысықтады.

Әскерлердің жауынгерлік іс-қимылдарды орындаудағы тәжірибелері олардың соңғы жылдардағы кәсіби өсуін айқындап берді десе болады. Қазіргі таңда Қарулы Күштердің елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кез келген тапсырманы сапалы орындауға мүмкіндігі зор.

Жаттығуға қатысушылар қысқа мерзім ішінде жауынгерлік әзірлікке келтірілді. Жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу  жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

  «Шоқпар-2013» оқу-жаттығулары ҚР ҚК одан әрі дамыту жолындағы кезекті сәтті қадам болды. Қорғаныс министрінің екі жақты оқу-жаттығуларды өткізу туралы идеясы қолбасшыларға, командирлерге, штабтарға жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыруда шығармашылық қадам жасауды үйретті. Бүгін біздің жауынгерлер тапсырмалардың күрделілігіне қарамастан, өздерінің жақсы оқытылғанын, жеңіске деген құлшынысын таныта алды»,- деп атап өтті оқу-жаттығулардың жетекшісі генерал-лейтенант Мұрат Майкеев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!