Гога Ашкенази Ресейдің үздік «келіндер» рейтингісінің ондығына ілікті

Фотография - Гога Ашкенази Ресейдің үздік «келіндер» рейтингісінің ондығына ілікті

Жамбыл облысында дүниеге келген қазақ қызын «орыс» деп айтуға ауыз бармайды

290 0

Жерлесіміз – Еуропа «қаймақтарының» ортасындағы жалғыз қазақ жұлдызы – Гога Ашкенази (Гаухар Еркінқызы Берқалиева – агент.ескерт) Tatler журналының нұсқауы бойынша «Орыстың 40 келіні-2013» рейтингісінде 10-орынға жайғасты, деп жазады forbes.kz.

Жамбыл облысында дүниеге келген қазақ қызын «орыс» деп айтуға ауыз бармайды. Соған қарағанда, рейтингті құрастырушылар «орыс келіні» дегенде орыс тілді аруларды меңзеген болуы керек.

Рейтинг тізімінде бизнес-леди әрі Vionnet сән үйінің иесі Гога Ашкеназидің алдын орағандар: тенисші Мария Шарапова; әртіс Равшана Куркова; тележүргізуші Тина Канделаки; «Новатэка» қожайыны Леонид Михельсонның қызы Виктория Михельсон; дәл осы дәулетті адамның үлкен қызы Анна Абрамович; олигарх Герман Ханның қызы Ева Хан (әкесі орысша Forbes байларының тізімінде $8,5 млрд-қа тең байлығымен 15-ші орында тұр); дизайнер Кира Пластинина; танымал мәскеулік ресторатордың қызы Александра Новикова; ресейлік Forbes-тің 4-ші тізімінде тұрған Михаил Потаниннің қызы Анастасия Потанина.

Өздеріңіз байқағандай, қазақ қызының алдына шыққандардың басым көпшілігі өңшең шіріген байлардың қыздары. Ал біздің жерлесіміз өз есімін өзі жасаған адам екені белгілі.

Соған қарамастан Гауһар жерлесіміз Шеварнадзе, Машкевич, Шодиев, Евтушенко, Рыболовлев, Федун, Сафин және т.б. танымал саясаткерлер мен миллиардерлердің қызын артқа тастады..

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

лондон

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!