Қазақстанның бес облысында газ бағасы көтеріледі

Фотография - Қазақстанның бес облысында газ бағасы көтеріледі

Ағымдағы жылдың сәуір айында газбен жабдықтау қызметтерінің бағасы республиканың 5 облысында өзгереді

254 0

Ағымдағы жылдың сәуір айында газбен жабдықтау қызметтерінің бағасы республиканың 5 облысында өзгереді.

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Аманжол Алпысбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысында газдың жабдықтау тарифі - 28,3 пайызға, Маңғыстау облысында - 24,5 пайызға, Жамбыл облысында - 1 пайызға, Оңтүстік Қазақстан облысында - 0,27 пайызға, сондай-ақ Қызылорда облысында 0,18 пайызға қымбаттайды.

«Газбен жабдықтау бағасының жоғарылауына газ құнының 44 пайызға көтерілуі, сондай-ақ газды тасымалдау тарифтерінің 5 пайыздан 12 пайызға дейін артуы себеп болып отыр»,-деп атап көрсетті А. Алпысбаев.


Тегтер:

газ

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!