Сенат Төрағасы Иордания елшісімен кездесті

Фотография - Сенат Төрағасы Иордания елшісімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Иорданияның біздің еліміздегі елшісі Слайман Арабиатты қабылдады

138 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Иорданияның біздің еліміздегі елшісі Слайман Арабиатты қабылдады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Иордания Қазақстанның Таяу Шығыстағы жақын серіктестерінің бірі. Биыл елдеріміздің арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнағанына 20 жыл толды. Екі ел басшыларының үлкен еңбегінің арқасында ынтымақтастығымыз қарқынды дамып, жаңа биіктерге көтерілді», - деді Сенат Төрағасы.

Жүздесушілер парламентаралық тығыз байланыстарды одан әрі өрбіту маңыздылығына айрықша назар аударды. Кездесуде, сондай-ақ, Қазақстан мен Иордания арасындағы іскерлік және мәдени-гуманитарлық алыс-берістің перспективалары жайында айтылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!