Б. Сағынтаев Алматы облысында су тасқынына қарсы шаралардың ұйымдастырылуымен танысады

Фотография - Б. Сағынтаев Алматы облысында су тасқынына қарсы шаралардың ұйымдастырылуымен танысады

Бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары - өңірлік даму министрі  Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы облысында болады

240 0

Бүгін Үкімет басшысының бірінші орынбасары - өңірлік даму министрі  Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы облысында болады.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ескелді ауданындағы Ақешкі су қоймасының ахуалын таразылап, су тасқынына қарсы шаралардың ұйымдастырылуымен танысады. Сондай-ақ «Жерұйық-Талдықорған» АӨК» ЖШС-ның жемістер мен көкөністерді өндіру және сақтау бойынша кешеніне ат басын бұрып, Текелі моноқаласын дамытудың кешенді жоспарымен танысады. 

Б.Сағынтаев күннің алғашқы жартысында Ескелді ауданындағы «Хильниченко және К» командитті серіктестігінің малшаруашылық кешенін аралайды деп күтілуде.

Күннің екінші жартысында бірінші вице-премьер Талғар ауданындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында болып, Алматы қаласындағы аэродромның аумағында орналасқан  «Тазар» МКК қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жою бойынша шаралардың жоспарымен таныспақ.

Одан әрі Б. Сағынтаевтың қатысуымен «Кока-кола Алматы Боттлерс» бірлескен кәсіпорны ЖШС зауытының мәжіліс залында облыстың бизнес өкілдерімен кездесу өтеді. Жиында Үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мәселелер талқыланбақ.

Б. Сағынтаев Алматы облысының бірқатар нысандарын аралаған соң, аймақта Алматының 4 спутниктік қаласының құрылыс жобасының және «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған кеңеске қатысады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!