Сенатор Ақан Бижанов Алматы метрополитені қызметкерлерімен кездесті

Фотография - Сенатор Ақан Бижанов Алматы метрополитені қызметкерлерімен кездесті

Депутаттар үшін өңірлерді аралап, ондағы мәселелерді халықтың өз аузынан естіп, оны шешу жолдарын бірлесіп талқылаудың маңызы өте зор

147 0

Депутаттар үшін өңірлерді аралап, ондағы мәселелерді халықтың өз аузынан естіп, оны шешу жолдарын бірлесіп талқылаудың маңызы өте зор. 

ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ахан Бижанов бүгін Алматыда метрополитен қызметкерлерімен болған кездесуі кезінде осылай айтты.

«Біздің бұл кездесуіміздің басты мақсаты - Елбасы Жолдауының әрбір ұжымдарда қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылау.   Нақты ұсыныс-тілектерді қабылдап, мәселелерді шешу жолын бірлесіп талқылау», - деді А. Құсайынұлы.

Сенатордың айтуынша, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның басты жетістігі өз шекарасын айқындап, халықаралық қауымдастықта оны мойындатуы болды. Қазақстанмен шекараның барлық өлшемдері бойынша, көршілес елдер келісімді өз парламенттерінде бекітті. Өйткені  әлемде  мемлекеттер арасындағы барлық түйткілді мәселелер негізінен шекара, ұлт және діннен туындайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!