"Эйр Астана" борт мәзіріне қазақтың ұлттық тағамдарын қосуы мүмкін

Фотография - "Эйр Астана" борт мәзіріне қазақтың ұлттық тағамдарын қосуы мүмкін

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр

276 0

 "Эйр Астана" өздерінің борт мәзіріне қазақтың ұлттық тағамдарын қосуы мүмкін. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. 

«Эйр Астана» әуе компаниясы қазақтың ұлттық тағамдарын, сондай-ақ, құртты борт мәзіріне енгізу туралы ұсынысты қарастырып жатыр. Алайда, Қазақстанның санитарлық-эпидемиологиялық орталығы бекіткен шектеулер қатары мәселені біршама күрелендіруі мүмкін»,-деді баспасөз-қызметінде.


Бұған дейін саясаттанушы Айдос Сарым Қазақстан әуе компанияларына борттың тамақтану рационына қазақ ұлттық асханасының тағамдарын қосуға кеңес берген болатын. «Ұшақта отырғанымда карамельдің орнына немесе карамельмен қосып неге құрт бермейді екен деп ойладым»,-деген болатын саясаттанушы.

«Эйр Астана» баспасөз-қызметінің қызметкерлері бортқа тек сапа сертификаттары бар тағамдар ғана жіберілетінін айтты. «Борт мәзірі 10 күн сайын жаңартылып отырады. Мәзір әуе компаниясы қызметкерлерінің қатаң бақылауымен әзірленеді»,-деп толықтырды олар.


Тегтер:

теміржол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!