Иран Елшісі Бас мүфтиге Иран еліне ресми сапармен келуді ұсынды

Фотография - Иран Елшісі Бас мүфтиге Иран еліне ресми сапармен келуді ұсынды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Құрбан Сейфиді қабылдады

157 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Құрбан Сейфиді қабылдады.

Елші Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтады. Кездесуде екі елдің мәдени-рухани саладағы қарым-қатынасы сөз болды. Ділі басқа болғанмен, діні бір қос мемлекеттің ресми тілдерінде де ұқсастық көп. Қазақ пен иран тілдерінде кездесетін 3000-ға жуық сөздің мағыналары бір-біріне сәйкес келеді.

Бас мүфти бүгінде әлем мұсылмандарына ауызбіршілік ауадай қажет екенін мәлімдеді. «Құранымыз - бір, Пайғамбарымыз - бір. Онда бізді басқа нендей себептер бөлуі мүмкін? Жұдырықтай жұмылып, игі істерді бірлесе атқаруымыз керек», - деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Кездесу соңында Құрбан Сейфи Бас мүфтиге Иран еліне ресми сапармен келуді ұсынды.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!