Сенатор Ғ. Есім түркі мемлекеттеріне «Білге Қорқыт» бағдарламасын ұйымдастыруды ұсынады

Фотография - Сенатор Ғ. Есім түркі мемлекеттеріне «Білге Қорқыт» бағдарламасын ұйымдастыруды ұсынады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғарифолла Есім мен Сәрсенбай Еңсегенов Анкарада Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) комиссиясының 2-ші отырысының жұмысына қатысты

234 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ғарифолла Есім мен Сәрсенбай Еңсегенов Анкарада Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы (ТүркПА) комиссиясының 2-ші отырысының жұмысына қатысты. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссия отырысы барысында Ғ. Есім делегаттар назарын түркі мемлекеттерін біріктіретін басты фактор - тарихқа, тіл мен мәдениетке аударды.

Оның айтуынша, мемлекеттердің ортақ мәдениетін білдіретін басты мысалдың бірі түркілер үшін тарихи тұлға саналатын Қорқыт Ата. Соған орай, сенатор ТүркПА мүше-мемлекеттерінің жоғары оқу мекемелерінде, сондай-ақ Түрік академиясы жанынан магистрлар мен PhD докторларын даярлау жөніндегі «Білге Қорқыт» бағдарламасын ұйымдастыруды ұсынды. Оның пайымынша, мұндай бағдарламаны енгізу нәтижесі түркі мемлекеттерінің рухани, мәдени және тарихи мұраларын дамытудың ортақ мақсаттарына қол жетеді.

Ал сенатор С. Еңсегенов экономикалық, сауда және қаржы мәселелері жөніндегі комиссия отырысына қатысып, онда ТүркПА-ға мүше мемлекеттер аясындағы инвестициялық климатты жақсарту мәселелері бойынша талқылауларға қатысты.

Бұдан бөлек,  сенатор Ғ. Есім «Түркі диаспорасы және түркі әлеміне көзқарас» атты Дүниежүзілік түркілік форумға да қатысты. Онда сенатор Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясының басты қағидаттары туралы баяндама жасады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!