Иран келіссөзде өз жоспарын ұсынды

Фотография - Иран келіссөзде өз жоспарын ұсынды

Иран ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге қатысушы алты мемлекетке өз жобасын ұсынды.. 

170 0

Иран ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге қатысушы алты мемлекетке өз жобасын ұсынды..

"Бүгінгі кездесуде Иран жеті мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайтады делінген өзінің кешенді жоспарын ұсынды" деді Иран делегациясы басшысының орынбасары Әли Багери баспасөз жиынында.

Иранның ұсыныстары мен жобаларын делегация басшысы, Иран ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жоғарғы хатшысы Саид Жалили ұсынған. Багеридің сөзіне қарағанда, Иранның ұсыныстары мұның алдында Мәскеуде ұсынылған жобаға сай келеді

Алматыда өтіп жатқан кезекті келіссөздер екі күнге (5-6 сәуір) созылады деп жоспарланған.

Халықаралық қауымдастық Иранды ядролық қару жасауға тырысып жатыр деп күдіктенеді. Бірақ Тегеран ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсатты көздейтінін айтып келеді.


Тегтер:

Иран

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!