Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қытайға ресми сапары аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды

Фотография - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қытайға ресми сапары аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  кеңейтілген құрамдағы кездесуінен кейін бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды

331 0

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  кеңейтілген құрамдағы кездесуінен кейін бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ пен Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі комитеті арасында қазақстандық-қытайлық іскерлік кеңесін құру туралы келісімге Қазақстан тарапынан Өмірзақ Шөкеев пен Қытай тарапынан аталған комитеттің төрағасы Вань Цзифэй қол қойса,   «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ пен CITIC Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді, экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастарды нығайту Жол картасын Ө.Шөкеев пен  CITIC Group Директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Чжэньминь рәсімдеді.

Сонымен қатар, Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ  арасында Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кеңейту және пайдалану бойынша ынтымақтастықтың негізгі ұстанымдары туралы келісім де бекітілді. Бұл құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ  басқарма төрағасының орынбасары Д.Берлібаев пен «CNPC» компаниясының президенті Чжоу Цзипин қол қойды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!