Нұрсұлтан Назарбаев Боао азиялық форумының сессиясына қатысады

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Боао азиялық форумының сессиясына қатысады

Мемлекет басшысы оның ашылу рәсімінде сөз сөйлейді деп күтілуде

381 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға ресми сапарының екінші күнін Боао азиялық форумының жұмысына қатысудан бастайды. Мемлекет басшысы оның ашылу рәсімінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

Қазақстан осы форумның құрылтайшы-мемлекеттерінің бір ретінде оның Азия аймағындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқа да проблемаларды шешуге бағытталған жұмысына қолдау көрсетіп келеді. Өткен жылдарда Боао азиялық форумы саяси көшбасшылардың, іскерлік және ғылыми ортаның азиялық елдерді одан әрі дамытудағы және олардың әлемнің басқа да аймақтарымен қарым-қатынасындағы жаһандық диалогының маңызды бөлігі болды.

2009 жылғы сәуірде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Боао азиялық форумының жыл сайынғы сессиясына алғаш рет қатысты. Сол кезде әлемдік экономикалық дағдарыстың күш алып тұрған кезінде Мемлекет басшысы форум ашылуында сөйлеген сөзінде «Азия құрлығы ХХІ ғасырда нақты әлемдік қаржы орталығы болады. Нақ осы жерде көп жағдайда әлемдік қаржы жүйесінің дағдарыстан кейінгі болашағы айқындалатын болады», деген еді.

БАФ биылғы сессиясы «Азия барлығы үшін дамуды іздестіруде: қайта құрылымдау, жауапкершілік және ынтымақтастық» ұранмен өтпек. Боао азиялық форумының бас хатшысы Чжоу Вэньчжуннның айтуынша, «Азия бұрынғыша әлемнің жылдам дамып келе жатқан аймағы, әлемдік экономиканың қозғаушы күші болып табылады».

Сарапшылардың бағалауынша, қазіргі форум үшін ҚХР билігі басшылығына Си Цзиньпин бастаған «бесінші ұрпақ» өкілдері келуінің маңызы зор.  Бүгін БАФ жыл сайынғы сессиясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бағдарламалық сөз сөйлеуі күтілуде.

Форумның 12-сессиясына Қазақстан, Мексика, Перу, Финляндия, Мьянма, Замбия президенттері, Бруней сұлтаны және Австралия, Камбоджа және Жаңа Зеландия премьер-министрлері қатысады.

Боао азиялық форумының осы жолғы сессиясында «диалогтар» мен «дөңгелек үстелдерді» қоса алғанда, 54 жалпы отырыстар өтеді, оған әлемнің 43 елі мен аймағынан 2000-ға жуық адам қатыспақ.

Еске сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайда ресми сапармен жүр.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!