Н.Назарбаев: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» магистралды көлік дәлізі 2015 жылы іске қосылады

Фотография - Н.Назарбаев: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» магистралды көлік дәлізі 2015 жылы іске қосылады

Бұл туралы бүгін Қытайдың Хайнань өлкесінде өтіп жатқан Боао азиялық форумының 12-ші сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

201 0

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» магистралды көлік дәлізі 2015 жылы іске қосылады. Бұл туралы бүгін Қытайдың Хайнань өлкесінде өтіп жатқан Боао азиялық форумының 12-ші сессиясында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Қазіргі уақытта Қазақстанда заманауи көліктік инфрақұрылым құрылып жатқандығын баса айтқан Мемлекет басшысы: «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» магистралды көлік дәлізін құра отырып, «Ұлы Жібек жолын» түлетеміз. Ол 2015 жылы-ақ іске қосылады», деді.

Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның елордасы Астана қаласы 2017 жылы «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізетін орын болып таңдалғанын атап өтті.

«Қол жеткізген жетістіктерге қарамастан,  біз жаңа шептерге ұмтылудамыз. «Қазақстан-2050» жаңа саяси бағдарын жүзеге асыру басталды. Бұл ұзақмерзімді стратегия мемлекет пен қоғамның дамуы алдына инновациялық экономикалық және әлеуметтік принциптер жүктейді. Біз барлық мүдделі елдермен белсенді ынтымақтасуға ниеттіміз», деді Н.Назарбаев.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!