Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халықтық Республикасына ресми сапары аяқталды

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халықтық Республикасына ресми сапары аяқталды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халықтық Республикасына ресми сапары аяқталды.

196 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытай Халықтық Республикасына ресми сапары аяқталды. Бүгін Қытайдың Хайнань өлкесінде өтіп жатқан Боао азиялық форумының 12-ші сессиясына қатысқаннан кейін Елбасы қазақстандық журналистерге сұхбат берді.

«Біз Қытай Халық Республикасына жасаған ресми сапарымызды аяқтадық. Тұңғыш рет жаңадан сайланған ҚХР Төрағасымен келіссөздер өткізіп, танысып, екіжақты экономикалық, саяси мәселелерді талқыладық. Бір-бірімізге сенімді қарым-қатынас орнаттық» - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, ҚХР Төрағасымен бұған дейін екі ел арасында жүргізіліп келе жатқан саясат, экономикалық байланыс одан ары жалғасатындығына келіскен. Сонымен қатар Си Цзиньпинің биыл жазда Қазақстанға сапары туралы уағдаласқан.

«Бүгін Боао азиялық форумы өтті. Көп елдің басшылары келді. Азия мемлекеттерінің жалпы дүниежүзіндегі салмағы өсе беретіндігіне сенімді болдық. ҚХР-дың дүниедегі ықпалы бұдан ары да жоғары болатындығын көрдік», деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев көлік және коммуникация салаларындағы екіжақты өзара іс-қимыл дами беретінін, онда Тынық мұхиттағы Ляньюньган портын пайдалану аса маңызды жоба болып саналатынын айтты.      


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!