Атырау облысында 889 ҮЕҰ-ның 30-ы ғана жұмыс істеп тұр

Фотография - Атырау облысында 889 ҮЕҰ-ның 30-ы ғана жұмыс істеп тұр

Бұл туралы Атырау облыстық әкімшілігі жанындағы ҮЕҰ-мен байланыс жөніндегі кеңестің отырысында айтылды

137 0

Атырау облысында тіркеуге алынған 899 үкіметтік емес ұйымның 30-ы ғана белсенді жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Атырау облыстық әкімшілігі жанындағы ҮЕҰ-мен байланыс жөніндегі кеңестің отырысында айтылды.

Үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттің дамуына қажетті маңызды функцияларды атқарады. Аймақта тіркеуге алынған ұйымдар санының көптігіне қарамастан, әлі де мұндай ұйымдарды ашу керек.

«Бізде аудандарда ҮЕҰ-лар өте аз. Биылғы жылдан бастап қаржыландыру көлемі үш есеге артады. Сондықтан белсенді жұмыс жасап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуымыз керек»,-деді облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан.

«Атырау облысының азаматтық альянсы» атқарушы директоры Динара Қожасованың сөзіне қарағанда, облыста тіркеуге алынғанымен қызметі тоқтаған ҮЕҰ-ны жою жұмыстары жүйеленбей келеді.

Отырыс барысында VI облыстық Азаматтық форумды өткізуге дайындық барысы да пысықталды.

 

bnews.kz сайтынан


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!