Қазақстан адамзат дамуының индексі рейтингісінде 69-шы орында

Фотография - Қазақстан адамзат дамуының индексі рейтингісінде 69-шы орында

Өткен жылы қазақ елі бұл көште 68 орында еді.

174 0

Бүгін Астанада БҰҰ Даму бағдарламасы Батыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі адамзат дамуы туралы кезекті баяндаманы жариялады. Қазақстан биыл адамзат дамуының индексі рейтингісінде 69 орынға тұрақтады.

«Бүгін біз Астанада адамзат дамуы туралы баяндаманы таныстырамыз. Біз тектен-текке Астананы таңдаған жоқпыз. Қазақстан өркендеп келеді. Тек өз елінің ғана емес, көрші мемлекеттердің де экономикасына қолдау көрсетеді. Қазақстан адамзат дамуы индексі бойынша өте жақсы нәтижеге қол жеткізіп отыр(, - деп атап өтті БҰҰ Даму бағдарламасының Братиславадағы Өңірлік Орталығының директоры Оливер Адам.

БҰҰ Даму бағдарламасының мәліметі бойынша, Қазақстан адамзат дамуының индексі бойынша өңірде жоғары көрсеткішке ие. Соңғы он жылда орташа алғанда бұл көрсеткіш 1,1 пайызға тең.

Биыл Қазақстан адамзат дамуының индексі рейтингісінде 69 орынға тұрақтаған. Өткен жылы қазақ елі бұл көште 68 орында еді.

 

bnews.kz сайтынан

 


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!