Қазақстанда 15 жылда халық табысы 16 есе өскен

Фотография - Қазақстанда 15 жылда халық табысы 16 есе өскен

Бүгінде Қазақстанның даму стратегиясы бірінші кезекте әрбір азаматтың әл- ауқатын жақсартуға бағытталған

230 0

Қазақстанда 15 жылда халық табысы 16 есе өскен. Бұл жөнінде бүгін Астанада өтіп жатқан БҰҰ Даму бағдарламасының Батыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі адамзат дамуы туралы баяндамасының таныстырылымында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков мәлім етті.

«Бүгінгі күні Қазақстан жиырма бірінші ғасырда экономикасы қарқынды түрде дамып келетін елдердің ішінде үшінші орында. Және 2000 жылдан 2012 жылға дейін адамзат дамуы индексі жоғарылап келеді. Қазақстан бүгінде бұл көрсеткіш бойынша жоғары деңгейдегі елдердің қатарында», - деді Алексей Волков.

Оның айтуынша, тәуелсіздіктің 22 жылы ішінде Қазақстан транзиттік экономикадан жан басына шаққандағы табыс деңгейі орташа көрсеткішке жеткен мемлекетке айналды.

«15 жылда халықтың табысы 16 есе өсті. Бүгінде Қазақстанның даму стратегиясы бірінші кезекте әрбір азаматтың әл- ауқатын жақсартуға бағытталған. Бұл стратегияны қаншалықты сәтті жүзеге асырсақ, соншалықты еліміздің адамзаттың даму индексі де жоғары болады»,- деп толықтырды ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!