Қазақстанда «Kaz aid» елдерге ізгілік көмек көрсету агенттігі құрылады

Фотография - Қазақстанда «Kaz aid» елдерге ізгілік көмек көрсету агенттігі құрылады

Қазақстан «Kaz aid» елдерді дамытудың ресми көмегі болып табылатын қазақстандық агенттікті құру жұмыстарын қолға алуда.

233 0

Қазақстан «Kaz aid» елдерді дамытудың ресми көмегі болып табылатын қазақстандық агенттікті құру жұмыстарын қолға алуда.

Бүгін Астанада БҰҰ Даму бағдарламасының «Оңтүстіктің өрлеуі: алуан түрлі әлемдегі адами прогресс» атты ғаламдық баяндамасының аймақтық тұсаукесері барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков  осылай мәлім етті.

«Қазақстан салыстырмалы түрде аса қысқа мерзім ішінде өңірлік державаны, қуатты экономиканы, халықаралық қауымдастықта нық ұстанымды құра алды. Экономикалық жетістіктер мен макроэкономикалық көрсеткіштер туралы айта келе, 2017 жылы Қазақстанның табысы жоғары елдер қатарына кірігуді жоспарлайтынын, сол үшін орнықты дамудың үлесін өз жауапкершілігіне алуға дайындығын алға тартқымыз келеді. Біз гүлдену жолының да жоғары жауапкершілікті жүктейтінін білеміз», - деді министр орынбасары.

Сонымен қатар, ол ҚР СІМ Алматы қаласында көпжақты дипломатияның өңірлік хабын құру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

«Жылдан жылға өңірлік донор рөлін белсенді атқарып келеміз және бақытсыздыққа ұшыраған елдерге ізгілікті көмек көрсетудеміз, тіпті біздің өңірден тыс елдерге де. Осы тәжірибені ескере отырып, дамуға ресми көмек «Kaz aid» қазақстандық агенттігін құру жұмыстарын атқарудамыз. Бұл Алматы қаласына Вена, Бангкок, Женева сияқты БҰҰ өңірлік орталығы мәртебесін беру өңірлік жобаларды масштабты жүзеге асуына ықпал етіп, Ауғанстан мен Оңтүстік Кавказ  сияқты елдер мен аудандарды дамыту орбитасына тартуына әсер етеді деп ойлаймыз», - деді », - деді А.Волков.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!