Жұмыс ұсынуда жас пен жынысқа қатысты талап қоюға тыйым салынады

Фотография - Жұмыс ұсынуда жас пен жынысқа қатысты талап қоюға тыйым салынады

Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Тамара Дүйсенова мәлім етті. 

160 0

Жұмыс ұсынуда жас пен жынысқа қатысты талап қоюға тыйым салынады. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Тамара Дүйсенова мәлім етті.

«Бiз қазiр Еңбек кодексiне өзгерiстер енгiзiп жатырмыз. Бұл ұсыныстар жұмыс тобымен әзірлендi. Еңбек кодексiнде жасы, жынысы мен ұлтына байланысты кемсiтушiлiкке жол берiлмеу қарастырылады. Осыған байланысты Еңбек кодексiнде келесi өзгерiс енгiзiлмек: жұмыс берушiлер жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру орналастырған кезде, жасқа және жынысқа қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуi тиiс. Екiншiден, еңбек келiсiм шарты жасалған кезде кемсiтушiлiк сипаттағы талаптарды қоюға құқықтары болмайды. Жұмыс берушiлер зейнет жасына жақындаған тұлғалармен келiсiм шартты бiржақты тәртiпте бұзуға құқықтары болмайды», - дедi Т.Дүйсенова.

 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!